Жаңалықтар

Ядролық энергетика саласына арналған жоғары дәрежелі мамандарды дайындаудағы қазақ-жапон әріптестігі

14-қаң-09

2009 жылдың 5 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды Токай қаласы (Жапония) университетінен профессор Киоси Ямада мен доктор Коджи Накамура бастаған жапон делегациясы келді.  Профессор Ямада GIANT-бағдарламалардың атқарушы директоры және Токай университетінің халықаралық бөлім басшысы болып табылады.

Жапон делегациясын ҚазҰУ ректоры академик Б.Т. Жұмағұлов қарсы алды. Содан кейін бірінші проректор З.А. Мансұров және оқу жұмыстары жөніндегі проректор М.К. Орынхановтың қатысуымен көптеген сауалдарға қатысты өзара пікір алмасу өтті.

 

 

Кездесудің ресми бөлімінен кейін жапон делегациясының мүшелері физика факультетінде әңгімелесу жүргізіп, 2009 жылдың бірінші семестріне алғашқы студенттерді іріктеп алды. Ядролық физика кафедрасының 2 курс магистранты Раджанов Дильшаттың бағы жанып,  осы жылдың шілде айынан бастап Токай университетінде оқуын жалғастыратын болды.

Физика факультетінің деканы А.С. Асқарова хабарлағандай, жапон үкіметінің Экономика, сауда және өндіріс министрлігі Азия елдері үшін жоғары квалификациялы кадрларды дайындауға арналған үлкен бағдарлама (The Career Development Program for Foreign Students from Asia) дайындауда. Бұл бағдарламаның арнасының бірі - «Global Initiative on Asian Specialized Nuclear Personnel, Tokai University (GIANT)» - ядролық индустрияға арналған мамандарды даярлау. GIANT-бағдарлама 2008 жылдың қыркүйегінде бастау алды.

Бұл бағдарламаның күзде өткен тұңғыш іріктеу сайысының нәтижесінде жеңімпаз анықталды. Ол - физика факультеті ядролық физика кафедрасын «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша 2008 жылы тәмамдаған  Бахтияр Мұсабеков.

2008 жылдың 27-29 қазан аралығында Токай университетінде «The International Forum on Fostering Asian Nuclear Power Personnel, 2008 - Toward the Construction of a Nuclear Engineering Field Network between Asian Universities and Japanese Nuclear Industries» атты халықаралық конференция өтті. ҚазҰУ атынан бұл конференцияға ядорлық физика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы ЮШКОВ Александр Витальевич және GIANT-бағдарламасының магистранты МҰСАБЕКОВ Бахтияр қатысты. Профессор Юшков А.В. халықаралық эдвайзер (International Adviser for the GIANT Program)  ретінде әрі қарай GIANT-бағдарламалардың дамуында қатысады.

 

 

                                                           ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі