- Негізгі бет
- Жаңалықтар
РЕФЕРЕНДУМ-2022: САЙЛАУДАН ТЫС ҚАЛМАҢЫЗ!
02.06.2022Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформалар мәселелері мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттары мен барлық азаматтардың мүдделерін қозғайтынын, сондықтан демократияландырудың одан әрі бағыттары туралы азаматтардың өздері шешім қабылдағаны маңызды екенін атап өтті.
Конституциялық өзгерістер – бұл ресми саяси оқиға емес, онда халық басты шешім қабылдаушы ретінде қатысады. Қазақстандықтар үшін өз егемен мемлекетінің болашағының жарқын болуы, олардың еркін және лайықты өмір сүруге, жоспарлар мен армандарын іске асыруға мүмкіндік алуы – басты дүниетанымдарының ажырамас бөлігі және ең жоғары құндылығы.
Еліміз үшін маңызды шешімдер Парламент қабырғасында немесе тар саяси шеңберде емес, жалпыхалықтық референдумда қабылданатын күн жақындап қалды. 5 маусымда әрқайсымыз мемлекет тағдырын шешуге тікелей атсалысып, Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты өз пікірімізді айта аламыз. Ұсынылып отырған реформалар өз елін әділ және дамығанын көргісі келетін кез келген азаматқа барынша мүмкіндік береді.
Бұл барлық қазақстандықтар үшін ауқымды және маңызды оқиға. Еліміздің азаматтары үшін, жаңа Қазақстан үшін жаңа Конституция қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі пайда болды.
Дегенмен біздің және мемлекет өмірінде нақты не өзгереді деген сұрақ көпшілікті мазалауда. Бұл референдумнан халық көптеген өзгерістер күтетіні сөзсіз, өйткені ұсынылған барлық түзетулердің тарихи маңызы бар, олардың ішінде ең бастылары:
− басқарудың суперпрезиденттік түрінен шығып, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу;
− жаңартылған Конституция негізінде Парламенттің рөлі мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту;
− жер мен оның іші-сырты халықтыкі деген ең маңызды норманы бекіту;
− қазақстандықтардың Конституциялық сотқа өз бетінше жүгінуі және осылардан бөлек, Конституциямызға Қазақстан азаматтарының мүддесін ескеретін салмақты түзетулер енгізілуі.
Конституцияның жаңа редакциясында барлығы 56 түрлі түзету бекітіледі деп күтілуде. Тіпті кәсіби заңгерлер де көзге көрінбейтін және заңнаманы тиісті кристалды-таза етіп даярлауда барынша атсалысуда.
Конституциялық Кеңеске түзетулер жобасы тікелей енгізілгенге дейін де қоғамда бүкіл тиісті процесс оған ел азаматтарын тарта отырып, барынша ашық болуға тиіс екені туралы аз айтылған жоқ. Бұл – қазақстандықтар өз Конституциясының тағдырын өздері шешетін республикалық референдум қоғамның сауалына барабар жауап.
Дәл осындай тарихи маңызы бар кезеңде бүкіл қоғам болып сайлаудан тыс қалуға болмайтынын әрбір азамат ерекше сезініп, өз болашағы үшін дауыс бергені абзал.
Осындай ел үшін маңызды кезеңде білім мен ғылым саласындағы азаматтар, әрине, соның ішінде ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың халық алдындағы ерекше жауапкершілікті сезінетіні анық және бірауыздан еліміздің болашағы үшін әрбір азамат осы оқиғаға назар аударып қана қоймай, оған тікелей қатысуы қажет. Жаңа Қазақстанды бірге құруға мемлекетіміздің азаматы ретінде дауыс беру – әрбіріміздің міндетіміз.
А.Байымбетова, PhD докторы
Г.Сүгірова, э.ғ.к.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті