Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заманауи Smart Point көшірме орталығы ашылды.
Орталық озық технологиялармен және көшірме құралдарымен жабдықталған. Заманға сай безендірілген нысан көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Бағалары да қолжетімді. Мұнда кез келген құжатты басып шығару, көшіру, сканерлеу және ламинаттау, мәтін теру т.б. жүзеге асырылады.
«Біз соңғы үлгідегі компьютерлер мен принтерлерді қолданамыз. Сондықтан тез әрі сапалы қызмет көрсетуге әрқашан әзірміз. Сонымен қатар келушілер кофе ішіп, түрлі тіскебасарлар мен тәттілерден дәм тата алады», – дейді орталық қызметкерлері.
Сондай-ақ бұл жерден кеңсе тауарлары және университеттің брендтік таңбалары бейнеленген имидждік киімдерді де сатып алуға болады.
Бас ғимарат жанында орналасқан көшірме орталығы білім алушы жастар мен оқытушылар үшін аса ыңғайлы. Бұдан бөлек, ағымдағы оқу жылы ҚазҰУ аумағында бірнеше асхана, дәмхана мен кофехана іске қосылған болатын. Университетте қалашық жастары, қызметкерлер мен оқытушылар үшін жайлылық пен қолайлы жағдай жасау үрдісі алдағы уақытта да жалғасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі