Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры жұмыс сапарымен Алматы менеджмент университетіне барды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев АлмаU университетінің президенті Асылбек Қожахметовпен кездесу өткізіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Асылбек Қожахметов Жансейіт Түймебаевқа жоғары оқу орнының алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.


Жүздесу барысында университет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар тараптар ғылыми-инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.


Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев АлмаU университетімен серіктестікті дамытуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол жемісті ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауға ниетті екенін атап өтті.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі