Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

9-шіл-22

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

студенттері, магистрант, докторанттары!

 

Сіздері Құрбан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл қасиетті мереке адамзатты бірлік пен ынтымаққа, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған құттықтауында: “Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады. Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі”, — деп атап өтті. 

Ежелден иман мен дәстүрді ұйыстырып, ұлттық құндылықтарды ерекше дәріптеген халқымыздың  ізгі амалдары қабыл болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. 

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ