Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру лагері жыл сайын шілде айында демалушыларға есігін айқара ашады.
Бүгінде жазғы лагерь ҚазҰУ ұжымы мен білім алушылар үшін сүйікті мекенге айналған. Қайықпен саяхаттау, айналадағы тауларға серуен, Ыстықкөл маңындағы көрікті жерлерге бару ұмытылмас әсер сыйлайды.
Оқу орнының лагері аумағында кең әрі жайлы ғимараттар бар. Дәмхана демалушыларға күнделікті қызмет көрсетеді. Жағажай барша келушілерге, оның ішінде кішкентай қонақтар үшін де аса ыңғайлы.
Әртүрлі санаттағы бөлмелерге жолдамаларды шілде-тамыз айларында ҚазҰУ-дың Кәсіподақ ұйымы үйлестіреді. Үш мезгіл тамақтану қамтылған жолдамалардың бағасы да қолжетімді.
Шілденің шіліңгір ыстығында жанға жайлы мекен іздесеңіз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ыстықкөлдегі жазғы спорт-сауықтыру лагері сізді күтеді!
Жолдама алу үшін 8-701-323-92-73 телефонына хабарласыңыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі