Жаңалықтар

Құжат тапсыру қызметі жеңілдетілді

13.07.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабылдау комиссиясы мемлекеттік білім грантын тағайындау байқауына онлайн және офлайн форматта өтініш қабылдауды бастады.

Еліміз бойынша ҰБТ тапсырған және шекті балл жинаған бакалавриатқа түсуші талапкерлер 20 шілдеге дейін құжат тапсыра алады. Құжаттарды тапсыру Ұлттық тестілеу орталығының konkurs.testcenter.kz қосымшасы арқылы, ЖОО-да дәстүрлі және онлайн форматта жүзеге асырылады.

Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлер үшін оқу орнында виртуалды қабылдау кеңсесі жұмыс істеуде. Онда ҚазҰУ-дың 16 факультеті бойынша мамандар бейнебайланыс арқылы кеңес беріп, құжат қабылдауда.


Талапкерлер үшін байқауға қатысуға қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білімі туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін – диплом);
  • №075/у нысанындағы медициналық анықтама және №063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
  • ер балалар үшін әскери тіркеу куәлігі;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысуын растайтын құжаттар.

Барша талапкерлерге қызмет көрсету QR арқылы электрондық кезекті пайдаланумен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жүргізіледі. Талапкерлерге телефон, электрондық пошта арқылы кеңес беру бойынша Call-center жұмыс істейді. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі