Жаңалықтар

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

19.07.2022

1934 жылы іргетасы қаланған заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі таңда аталған факультетте «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

Студенттерді даярлау үдерісі орта білім, орта арнаулы және жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар заң факультетінің студенттеріне магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда заң факультетінің ең күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін зор ғылыми әлеуеті бар.

Факультетте 12 ҚР Ұлттық заң академиясының академигі, 30-ға жуық доктор мен профессорлар, 80-нен аса ғылым кандидаттары мен PhD докторлары, сондай-ақ ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Жоғарғы соты, құқық қорғау органдары мен Ғылым академиясы қызметкерлерінен құралған жоғары тәжірибелі мамандар дәріс жүргізеді. Олардың басым көпшілігі шет тілдерін меңгерген, АҚШ, Еуропа, Түркия және өзге де мемлекеттерде тағылымдамадан өткен. Заң факультеті мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері бойынша республикалық және халықаралық конференциялардың, сондай-ақ Қазақстан студенттері арасында жыл сайынғы республикалық құқықтық олимпиаданың тұрақты ұйымдастырушысы екенін атап өткен жөн. Факультет құрамында ғылыми және оқу әдебиетінің бай қоры, соның ішінде мұрағат материалдарына толы көне кітапхана бар. Студенттер сабақтарына арнайы мамандандырылған, магистранттар мен докторанттарға арналған оқу залдарында дайындалады. Онда қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталған компьютерлік сыныптар, интернет залдары бар.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

 

6B042 – Құқық

- Құқықтану

- Кеден ісі

6B123 – Қоғамдық қауіпсіздік

- Құқық қорғау қызметі

 

Магистратура

Кәсіби бағыт – 1 жылдық

 

7M042 – Құқық

- Азаматтық іс жүргізу құқығы

- Құқықтану

- Сот-прокурорлық-тергеу қызметі

 

Магистратура

Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жылдық

 

7M042 – Құқық

- Құқықтану

- Құқықтану (Неміс және халықаралық коммерциялық құқық) (Қос диплом бағдарламасы)

- Теңіз және энергетикалық құқық (Қос диплом бағдарламасы)

- Азаматтық құқық

- Мемлекеттік қызмет және әкімшілік қызмет

- Қаржы құқығы

- Кеден ісі

- Сот-прокурорлық-тергеу қызметі

- Криминалистикалық сараптама

- Сот-филологиялық сараптамасы

- Сот сараптамасы

 

7M123 – Қоғамдық қауіпсіздік

- Құқық қорғау қызметі

 

PhD докторантура

 

8D042 – Құқық

- Құқықтану