- Негізгі бет
- Жаңалықтар
МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
19.07.2022Механика-математика факультетінің мақсаты – математика, механика, роботтық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу ғылымдары және статистика, ғарыш техникасы мен технологиялары, жоғары өнімділікті есептеу саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау.
Механика-математика факультетінде төрт кафедра жұмыс істейді: Математика, Механика, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Есептеу ғылымдары және статистика.
Факультетте «Математика және механика» ғылыми-зерттеу институты және ғылымның ең өзекті бағыттары бойынша 19 ғылыми мектептер мен зертханалар бар.
Барлық білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленеді және практиканың қажеттіліктеріне бағытталған. Сондай-ақ ҚазҰУ профессорларымен қатар, әлемге әйгілі шетелдік профессорлар, ғылыми-зерттеу институттарының профессорлары мен серіктес фирмалардың қызметкерлері сабақ беруде.
ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ
Бакалавриат
6B05402 – Математика
6B05403 – Механика
6B05401 – Актуарлық математика
6B06105 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
6B05404 – Есептеу ғылымдары және статистика
6B07110 – Робототехникалық жүйелер
6B07111 – Ғарыштық техника және технологиялар
Магистратура
7M05402 – Математика
7M05407 – Математика (Реймс Шампань-Арденн университетімен қос диплом бағдарламасы, Франция)
7M05401 – Актуарлық математика
7M05403 – Қолданбалы математика және басқару процестері
7M05404 – Механика
7M05405 – Механика және энергетика (Лотарингия университетімен қос диплом бағдарламасы, Франция)
7M05406 – Іргелі және қолданбалы математика
7M06106 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
7M06105 – Математикалық және компьютерлік модельдеу (Ресей халықтар достығы университетімен қос диплом бағдарламасы, Ресей)
7M05408 – Есептеу ғылымдары және статистика
7M07118 – Робототехникалық жүйелер
7M07119 – Ғарыштық техника және технологиялар
PhD докторантура
8D05401 – Математика
8D05403 – Механика
8D05404 – Іргелі және қолданбалы математика
8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
8D05405 – Есептеу ғылымдары және статистика
8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар
8D07117 – Робототехникалық жүйелер