Жаңалықтар

ҚазҰУ жанындағы МИФИ ҰЯЗУ талапкерлерді қабылдайды

26.07.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ ҰЯЗУ филиалы ашылып, талапкерлерді қабылдай бастады. Бұл қазақстандық жастар үшін әлемнің үздік университеттерінің бірі саналатын ҰЯЗУ дипломы мен сұранысқа ие мамандығын игеруге берілген тамаша мүмкіндік. 

МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің (Мәскеу инженерлік-физикалық институты) филиалы 2022 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің бастамалық еткен келісімі негізінде Алматыда ашылды.

МИФИ ҰЯЗУ филиалының бірегей білім беру бағдарламалары болашақ мамандықтарға бағдарланған және инженерлік білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

Биыл МИФИ ҰЯЗУ-ға қабылдау «Бастауыш бөлшектер физикасы және космофизика» («ядролық физика» бағыты, бакалавриат), «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері» («IT», бакалавриат және магистратура) бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

МИФИ ҰЯЗУ қабылдау комиссиясы қазіргі уақытта оқуға құжат қабылдауды бастады. Биыл 100 грант бөлінді, сондай-ақ ақылы оқуға түсуге мүмкіндік бар. IT бағытында математикадан бір қабылдау емтиханы 5 тамызда, қалған екеуі – физика (3.08) және математика (5.08) – «ядролық физика» бағытында өткізіледі.

ҚазҰУ базасында орналасқан МИФИ филиалында елден шықпай-ақ, әлемнің түрлі елдерінен МИФИ жетекші профессорларынан білім алуға болады. Ресейлік үлгідегі МИФИ ҰЯЗУ бакалавры мен магистрының дипломдары әлемнің барлық елінде бағаланады. MИФИ ҰЯЗУ әлем бойынша 308-орынды (QS жаһандық рейтингі), «физика және астрономия» бағыты бойынша әлемде 73-орынды, «IT» бағытында әлемдегі Топ-200 орынды иеленеді және ресейлік үздік үш университеттің қатарына кіреді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі