Жаңалықтар

Аэроғарыш комитетінің мамандары ҚазҰУ-дың ғарыштық технологияларымен танысты

16-қыр-22

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне университет басшыларының шақыруымен Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, «Ghalam» ЖШС басқарма төрағасы – бас директоры Қайыржан Қожаев, "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов арнайы келді. 

Қонақтар ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластерінің, химия және химиялық технологиялар, физика-техникалық және механика-математика факультеттерінің ғалымдары жасап жатқан ғылыми жобалармен танысты.

 

 


Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ғарыш саласын зерттеп, дамыту жоспарлары мен бағыттарына тоқталып, алдағы уақыттарда бірлесіп ғылыми жобаларды дайындау мәселесін талқылады.  

 

Сондай-ақ «Ghalam» ЖШС басқарма төрағасы – бас директоры Қайыржан Қожаев алдағы уақытта университеттің ғарыштық техника және технологиялар білім беру бағдарламасының студенттері үшін  «Ghalam» ЖШС практика базасы болатынына келісім берді.  

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі