Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студент жастарға арналған «Қаржылық сауаттылық» және «Табысқа жеткің келсе» атты семинар өтті. Тренингті трейдер-инвестор Думан Ерқанат пен кәсіпкер әрі саяхатшы Сырымбек Тау жүргізді.
Мұндағы мақсат – жастарды белсенді кәсіби қызметке ынталандыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және жетістікке жетелеу.
Жүздесуде жастарға кәсіптік бағдар беру және оны дамуытуда көрсетілетін көмек түрлері жөнінде мағлұматтар берілді. Сонымен қатар жастардың мамандық таңдау және өзін-өзі жетілдіруде белсенділік танытпау себептері, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, жұмысқа орналасу барысындағы мәселелер талданды.
Спикерлер жетістікке жеткен белгілі қазақстандық қайраткерлерді мысалға келтіре отырып, мансап бен тұлғалық дамуға жетелейтін өмірлік дағдыларды дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Жастарды бар мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
Кездесуге қатысқан студенттер белсенді пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Пікірталас барысында олар жаңа идеялар келгенін жеткізді. Сондай-ақ спикерлер кеңесіне ден қойған жастар алдағы мақсатқа жетуге бағыт-бағдар алғандарын жеткізді.
Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» демеуімен «Адырна» қоғамдық қорының «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі