Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

9-қаз-22

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне қатысты. Жиын барысында партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді.

 

Университет ректоры “Әл-Фараби” кітапханасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен өткен «Əлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара əрекеттестік» атты VI Орталық Азия халықаралық форумында баяндама жасады. 

 

Жансейіт Түймебаев «Тұран» университетінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаһандық өзгерістер: ғылым және білім талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына қатысып, Қазақстандағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын 30 жылдық белесімен құттықтады.

 

ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Бақытжан Жұмағұловтың көшбасшылық дәрісіне қатысты. Жүздесуде Бақытжан Тұрсынұлы жастардың сұрақтарына жауап беріп, Әл-Фараби кітапханасына «Человеческий фактор» кітабын сыйға тартты.

 

Университет басшысы Еуропа Кеңесі білім департаментінің басшысы, Дублин қалалық университетінің құрметті докторы Шур Берганмен кездесті. Жүздесуден соң профессор университет ұжымы мен студенттеріне көшбасшылық дәріс оқыды.

 

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев  "EcoStudentKZ" республикалық челленджін қолдау мақсатында ҚазҰУ-дағы сенбілікке қатысты. Білім ордасының ұжымы мен студенттері қалашықты қоқыс-қалдықтан тазартып,  күзгі жапырақтарды жинады.