ҚҰРМЕТТІ КӘСІПОДАҚ ҰЖЫМЫ!
Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінің ұжымы және өз атымнан Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы басшылық пен ұжым арасындағы Алтын көпір қызметін атқаруда.
Сіздер кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, еңбек қауіпсіздігін сақтауда игі жұмыстарға бастамашы болып отырсыздар.
Ұжымдағы әр адамның лайықты көмек пен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етуде елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.
Қайырымдылық қағидаттарына негізделген ізгі дәстүрлеріңіз жүйелі жалғасын таба берсін.
Береке мен бірлікке бағытталған кәсіподақ бастамалары нәтижелі болсын.
Мәртебелеріңіз биіктеп, ел алдында құрметке бөлене беріңіздер.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ