Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті спорт клубының ұйымдастыруымен 17 қазан мен 25 қараша аралығында ҚазҰУ-да Республика күніне арналған күзгі спартакиада өтуде.
Осыған орай, университеттің спорт кешенінде студенттер, оқытушы-профессорлар құрамы және қызметкерлер арасында тоғызқұмалақтан университетішілік жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа 27 студент – 17 қыз, 10 ұл және 7 оқытушы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер арасында:
1-орын Нұржан Кердасбай (Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі, 2-курс)
2-орын Ақтілек Жарқын (ақпараттық технологиялар факультеті, 4-курс)
3-орын Нұрасыл Сансызбай (механика-математика факультеті, 1-курс)
Қыздар арасында:
1-орын Ақбота Қоңырова (механика-математика факультеті, 2-курс)
2-орын Мәдина Таңатарқызы (физика-техникалық факультеті, 1-курс)
3-орын Жансұлу Төлеуғазиева (философия және саясаттану факультеті, 4-курс)
Оқытушылар арасында:
1-орын Файзолла Қойшыманов (СӨС орталығы)
2-орын Мақпал Оспанбаева (СӨС орталығы)
3-орын Самат Асаубек (СӨС орталығы).
ҚазҰУ білім алушылары арасындағы тоғызқұмалақ ойынына жыл сайын қызығушылық артып келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі