Жаңалықтар

Демалыс. Спорт мерекесі

23-қаң-09

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдық мерейтойына арналған 37 дәстүрлі оқытушы-профессорлар құрам, қызметкерлер мен аспиранттар арасында өтетін «Денсаулық» спартакиадасы аяқталды. 2009 жылдың 5-16 қаңтар аралығында университеттік спорткешеннің алаңдарында спорттың 6 түрі - бадминтон, шахмат, үстел үстіндегі теннис, волейбол, және мини-футбол бойынша сайыстар өтті. Сайыстарда факультеттер мен бөлімшелердің 16 құрама командасы қатысты (560 адамға жуық).

Сайыстың 6 түрі бойынша жалпыкомандалық есеп нәтижесінде химия факультетінің құрама командасы (декан - Ж.А. Әбілов,  кәсіподақ бюросының төрайымы - Рысқалиева Р.Ғ.) жеңімпаз атанды. Спартакиадада екінші орынды иеленген - физика факультетінің командасы (декан - Асқарова А.С., кәсіподақ бюросының төрағасы - Ахметов Е.А.). Үшінші орында - механика-математика факультеті (декан - Қалтаев А.Ж., кәсіподақ бюросының төрайымы - Елгондина М.Б.). Тұңғыш рет төртінші орын биіктігінен биология факультетінің құрамасы да көріне алды (декан - Шалахметова Т.М., кәсіподақ бюросының төрайымы - Базарбаева Ж.М.).

 

 

Университеттік спартакиаданың қатысушылары осындай жыл сайынғы сайыстарға қызығушылықтарын білдіре отырып, ректор - Б.Т. Жұмағұловқа университет әкімшілігі пен басшылығы тарапынан ұжымға көрсеткен қолдауы үшін ыстық лебіздерін білдірді. Спартакиаданы ұйымдастыруда және өткізуде қызметкерлер кәсіподағының төрағасы - Ш.А. Әмірбековтің қосқан үлесі зор болды.

«Денсаулық» спартакиадасы оқытушы-профессорлар құрамы, университет қызметкерлері мен аспиранттары арасында үнемі қызығушылық тудырып отырады, өйткені қысқы және жазғы семестрлер арасындағы демалыста оқытушылардың эмоционалдық және дене саулығын көтеру мүмкіндігін береді.

         Спартакиада жеңімпазы - химия факультетінің құрамасын «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы естелік кубогы және І дәрежедегі дипломмен марапаттады, спартакиаданың басқа жүлдегерлері сәйкес дәрежедегі дипломдармен, ал спорттың түрлері бойынша жүлдегерлер мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлақтармен марапатталды.

 

 

 

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі