Жаңалықтар

ҚазҰУ Индонезия университетімен ынтымақтастықты кеңейтеді

21.10.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сұлтан Сиариф Касим атындағы мемлекеттік ислам университетінің ректоры іссапармен келді. Сапар аясында ҚазҰУ ректоры ЖОО басшысымен кездесіп, әріптестік бағыттар мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Ректор Жансейіт Түймебаев Индонезияның жетекші университеті басшысының ҚазҰУ-ға жасаған арнайы іссапарына алғысын білдіріп, ҚазҰУ-дың шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім беру кеңістігінде бай тәжірибесі барын атап өтті.

«ҚазҰУ әлемнің жетекші жоғары оқу орындары, институттарымен ынтымақтастық туралы 500-ден астам халықаралық келісімге қол қойған. ЖОО-мен бірлескен білім беру бағдарламалары және ғылыми-инновациялық жобалар іске асырылудаоның ішінде индонезиялық жоғары оқу орны да бар.


Студент алмасу келісімі аясында ҚазҰУ-да халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша Индонезияның бес студенті білім алуда.  Тағылымдамадан өту, студент алмасу, ғылыми орта қалыптастыру және «Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы аясында жетекші ғалымдардың дәріс оқуы белсенді түрде жүзеге асырылуда. ҚазҰУ білім мен ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі барлық бастамаларды қолдауға дайын» деді Жансейіт Түймебаев.

Кездесуде Сұлтан Сиариф Касим атындағымемлекеттік ислам университетінің ректоры өзіжетекшілік ететін ЖОО қызметіне тоқталып, университетаралық байланысты нығайтуға қызығушылық танытып,  ҚазҰУ ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғысынбілдірді. 

«Біздің ҚазҰУ қызметіне деген қызығушылығымыз кездейсоқ емес. Әл-Фараби есімі біз үшін де аса маңызға ие. Бұл ислам құқығының бастауында тұрған ұлы философ,данышпан. Әл-Фарабидің Индонезияда даоқырмандары көп және ғұлама есімі әрқашанардақты»,  деп атап өтті құрметті қонақ.


2005 жылы құрылған Пеканбару мемлекеттік ислам институты (алғашқы атауы) Риаудың ұлттық балуаны болған Сұлтан Сиариф Касимнің құрметіне аталған. Онда 32 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде 168 шетелдік студенттер – Малайзия, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Қазақстан және т.б. елдерден келген жастар білім алады. 

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Атап айтсақ: университет қызметкерлері және оқытушыларымен тәжірибе алмасу, оқытушы-профессорлық құрам үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оны іске асыру, оның ішінде қос диплом, оқу жоспарлары, академиялық кездесулер мен симпозиумдар ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеу, оқытушы-профессорлар құрамымүшелерінің серіктес университеттің ғылыми басылымдарында мақалаларын жариялау сынды басқа да бағыттар бар. 


Сапар аясында индонезиялық делегация «Керемет» орталығы, Әл-Фараби ғылыми кітапханасы, Экономика және бизнес жоғары мектебі, Al-Farabi Business school, университет музейі және Жағдаяттық басқару орталығыныңжұмысымен танысып, ҚазҰУ кампусын аралады.  

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі