Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

23-қаз-22

Жансейіт Қансейітұлы Республика күніне орай ұйымдастырылған «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» атты республикалық жастар форумына қатысты. Форумға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, оқу ордасының оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер мен магистранттар жиналды.

 

Университет басшысы Республика күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, барша ҚазҰУ ұжымын ұлттық мерекемен құттықтады.

 

ҚазҰУ ректоры Вашингтон университеті Таяу Шығыс тілдері және өркениеті кафедрасының профессоры Талант Мауқанұлы мен Германияның Гиссен университетінің профессоры Майкл Гесті қабылдады. Әңгіме барысында еліміздегі және әлемдегі түркітану саласының дамуы сөз болып, түркологияның өзекті мәселелері талқыланды.

 

Білім ордасының басшысы I Халықаралық архившілер конгресінің «Архивтер, музейлер және кітапханалар: ұлттық жадты сақтау міндеттерінің бірлігінде білім беру траекториясын өзгерту» атты диспут-сессиясына қатысып, баяндама жасады.

 

Жансейіт Түймебаев университеттің жас ғалымдарымен жүздесті. Жиын барысында ректор жас ғалымдармен еркін форматта кездесіп, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылау үшін Жас ғалымдар клубын және Жас ғалымдар қорын құруды тапсырды.

 

Ректор Сұлтан Сиариф Касим атындағы мемлекеттік ислам университетінің ректорымен жүздесіп, әріптестік бағыттар мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

ҚазҰУ ректоры Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры және негізін қалаушы Өмірәлі Жалаиридің 80 жылдық мерейтойына қатысып, заңгерді айтулы күнімен құттықтады.

 

Университет басшысы Республика күніне орай ұйымдастырылған марафон жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығында өткен

Food and art fest жәрмеңкесіне қатысып, студенттермен әңмелесті.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Цукуба университетінің профессоры Такаши Ниномиямен кездесті.