Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні кеңінен тойланып, қалашықта бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен білім ордасының студенттеріне 100 келі палау басылып, тегін үлестірілді. Палау пісіру үшін аспаздар Түркістан қаласынан арнайы алдырылды.
Сонымен қатар, келушілерге 2000 дана бауырсақ таратылды.
Шара “Жастар” алаңында қазақ эстарадасының жарық жұлдыздырының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен және спорттық жарыстармен жалғасты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі