Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясы президиумының кеңейтілген отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі жұмыс барысы талқыланды.
Жиынды ашқан Қазақстан Республикасы ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов ғалымдарға ел тағдырындағы маңызды таңдау жасайтын уақыт келгенін атап өтті. Бұл шешімнің алдағы уақытта білім мен ғылым саласының дамуына ықпал ететінін айта келе, жиылғандарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға және әділ қоғам құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Отырыста сөз алған ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына назар аударды.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы өз бағдарламасында экономика, ғылым, білім, ауыл шаруашылығы, мәдениет және басқа да негізгі салалардағы өзекті мәселелерді қамтыды. Таяу уақытта Қазақстан үшін 150 млрд теңге инвестиция бөлініп, барлық қаражат әділдік бойынша бөлінетін болады. Президент ғылымға ерекше тоқталып, барлық ғалымдарды экономиканың дамуына және елдің болашақ өркендеуіне лайықты үлес қосуға шақырды. Мен Алматы қаласының сайлауалды штабының төрағасы болып тағайындалдым, онда сегіз аудан бойынша 147 адам жұмыс істейді. Егер біз өз кандидатымызды бірауыздан қолдағымыз келсе, онда 20 қарашада бәріміз оған дауыс беруіміз керек», – деді Жансейіт Түймебаев.
Сондай-ақ басқосуда ҚР ҰҒА мүшелері әділ қоғам құру үшін нақты қадамдар жасауды қолдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі