Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

13-қар-22

Жансейіт Түймебаев Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің халықаралық қатынастар және бағдарламалар жөніндегі проректоры Неман Мурадлымен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

 

Білім ордасының басшысы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Әлеуметтану бөлімінің кезекті отырысына қатысты.

 

Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындары арасында 44-орынға ие болған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы QS рейтингінің негізін қалаушы және президенті Нунцио Квакварелли келіп, Жансейіт Қансейітұлына беделді рейтингтегі жоғары позицияларды растайтын сертификаттарды табыс етті. Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға ҚазҰУ-ға келгені үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

Жансейіт Қансейітұлы көрнекті әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай, ғалым тұрған  үйдің қабырғасына орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.