Жаңалықтар

Mr&miss OPP байқауының жүлдегерлері анықталды

14-қар-22

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Қызыл залында Студенттік құқықтық тәртіп ұйымы (құқық тәртібі отряды) ұйымдастырған Mr&miss OPP байқауы өтті.

Байқауға 14 факультеттің жеті жұбы қатысты. Онда Аружан Мағзұм, Ақсұңқар, Елдар Айдаров, Сомпи, Алмат Серікқалиев, Нұрдәулет Төлепберген сияқты танымал әншілер мен блогерлер қатысты.

Байқау бағдарламасы мынадай кезеңдерден тұрды: таныстыру, сән үлгісі, Instagram-дағы лайк пен пікірлер саны үшін күрес және танымал жұлдыздармен өнер көрсету. Әр жұп сахнада өнер көрсетіп, белгілі бір тақырыптағы образдарды сомдады: Marvel, DC, Barbie және Ken, Horror, экшн, тарихи жанр, Наруто анимесі.

Қатысушылардың түрлі түсті костюмдері, музыкасы, шығармашылығы мен таланты байқауды нағыз шоуға айналдырып, жас әртістер залдағы көрермендердің қошеметіне бөленді.

Қазылар алқасының құрамына ректордың ұйымдастыруы бойынша көмекшісі және жоғары ОПП экс-командирі Қанат Тілес, Алматы филиалының «Жастар рухы» ұйымының төрағасы Ақежан Кеңесов, Жастар ұйымы комитетінің жетекшісі Ақнұр Оспанова, жоғары ОПП командирі Жанна Аман кірді.

Қазылар алқасына таңдау жасау оңай болған жоқ, қатысушылардың басым бөлігінің қойылымдары аса қызықты болды. Нәтижесінде Mr&Miss OPP атақтарына география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология факультеттерінің студенттері Бекзат Ермекбай мен Сағнұр Сағадат ие болды. Байқауда екінші орынды механика-математика, медицина және денсаулық сақтау факультеттерінің студенттері Әліби Әбдиәшім, Ансая Айтжан иеленді. Үшінші орынды физика-техникалық және шығыстану факультеттерінің студенттері Атабек Елтүзеров пен Аружан Данилла жеңіп алды.

Жеңімпаздар Ыстықкөл демалыс орнына жолдама алса, екінші орын иегерлеріне боулингке сертификат, үшінші орын жеңімпаздарына «Медеу» шатқалындағы мұзайдынға арналған билеттер тапсырылды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі