- Негізгі бет
- Жаңалықтар
АТЭХА: «ECOLEGO» радиоэкологиялық жағдайдың өзгеру динамикасын болжауда
03.02.2009әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қаңтар айының 26-30 аралығында «Радионуклидтермен ластанған аймақтарды радиациялық модельдеу» атты Халықаралық Аймақтық Мектеп өз жұмысын бастады. Мектеп жұмысы ҚР минералды ресурстар және Энергетика Министрлігінің атомдық энергетика бойынша Комитеті мен АТЭХА, ҚР ШІМ келісілген көмегімен жүзеге асты.
Аймақтық Мектепті өткізу мен ұйымдастырудың негізгі мақсаты - уран кәсіпорындарында, ғылыми білім беру және экологиялық ұйымдарда қызмет атқаратын мамандарды, радионуклидтермен ластанған аймақтардың радиациялық жағдайларына баға беру үшін ионизирлеуші сәуле көздерін қолданатын АТЭХА мамандары дайындаған заманауи бағдарламалық өнімдермен таныстыру. Аймақтық мектептің тәжірибелік қолдануына арналған "ECOLEGO" программалық өнімі радиоэкологиялық жағдайдың өзгеру динамикасына болжам жасауға мүмкіндік береді.
Аймақтық мектепті жүргізуге атсалысқан қатысушылардың бірі АТЭХА-ның жетекші маманы Олег Войцехович әріптестеріне бұл мектеп АТЭХА-ның «Орта Азиядағы бұрынғы уран нысандарының қауіпсіздігін бағалау» атты бірінші кезеңінің аяқталу шеңберінде өтіп жатқанын хабарлады. Оның қорытынды кезеңі де Қазақстанда өтеді, себебі мұнда уран нысандарын қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама нақты жүзеге асып жатыр.
ҚР атом энергетикасы Комитетінің директор орынбасары Александр Ким атап өткендей, АТЭХА-нің Қазақстан мен көршілес ТМД елдеріне деген қызығушылығын осы елдер аумағының ядролық және уран іздеріне «бай» болуымен түсіндіруге болады. Кезінде Қазақстанның территориясында өзінің қуаты және күші жағынан қоршаған ортаға техногенді әсер ететін ерекше әскери кешендер қатары орналасқан-тын. Олардың әсерінен Қазақстан территориясы жасанды және табиғи радионуклидтермен ластанды. Бұл мектепті жүргізу орны ретінде еліміздің жеткеші университеті таңдалғаны кездейсоқ емес, себебі ҚазҰУ-дың химия факультеті радиологиялық қауіпсіздіктің дамуына елеулі үлесін қосуда.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мен Орта Азияның білім беру жүйесінде алғаш рет соңғы ядролық-физикалық қондырғылармен жабдықталған заманауи радиациялық лаборатория құрылды. Мұнда жас мамандарды тек ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен қатар көршілес ТМД елдеріне де дайындайды. Лабораторияға радиациялық экология саласындағы ірі қазақстандық ғалым профессор Мұқаш Бүркітбаев жетекшілік етеді.
Семинар сәтті өтті. Қазақстандық ғалымдардан басқа мектеп жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген мамандар қатысты. Бес күн ішінде тыңдаушыларды бағдарламаның ерекшеліктері мен оны пайдаланудың тәжірибелік машығына үйретті. «Facilia» швед компаниясының өкілі Елена Коноваленко қатысушыларды ластанған территорияларда радиациялық қауіпті модельдеуге болатын жаңа бағдарламалық өнімнің мүмкіндіктерімен таныстырды.
АТЭХА жобасының шеңберінде өткен семинардың қатысушыларына қорытынды күнде АТЭХА және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басшылығымен куаландырылған сертификаттар табыс етілді.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі