Жаңалықтар

ҚазҰУ Пенсильвания университетінің ұсыныстарын қабыл алуға дайын

18-қар-22

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы Пенсильвания штаты университеті Құқық мектебі өкілдерімен кездесуі нәтижесінде ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Тараптар жоғары білім және ғылым саласында бірлескен мақсаттарды іске асырудағы жаңа мүмкіндіктерді қарастырды.

Пенсильвания штаты университеті Құқық мектебі деканының орынбасары Стивен Барнс ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевпен арнайы жүздесті.

Құрметті қонақ өз еліне пайда әкелетін «бүкіл әлем үшін ең үздік студенттерді дайындайтын» ҚазҰУ-дың білім деңгейін жоғары бағалады.

2023 жылдың сәуір айында Стивен Г.Барнс арнайы шақырылған шетелдік ғалым ретінде ҚазҰУ студенттері үшін «АҚШ-тың құқықтық жүйелеріне кіріспе» атты алғашқы он күндік курсын өткізеді. Келесі жылдары Пенсильвания штаты университеті құқық мектебінің (халықаралық қатынастар мектебі) профессорлары қатарынан шетелдік ғалымдарды тарту жоспарлануда.

ҚазҰУ-дың үздік студенттері мен түлектері Пенсильвания штаты университеті құқық мектебінде «құқық магистрі» стипендиялық бағдарламасы бойынша білім ала алады. Осы мақсатта құны 35 мың доллардан 54 мың долларға дейінгі әртүрлі бағдарламалар бойынша 11 оқу гранты бөлінді. Сонымен қатар, американдық әріптестер студенттерге 2023 жылдың күзгі семестріне оқу ақысы 54 000 долларға дейінгі студент алмасу бағдарламасы бойынша екі орын берді. «АҚШ заң жүйесіне кіріспе» атты тегін 10 күндік курс, сондай-ақ бес жылдық мерзімге ынтымақтастық туралы Меморандумға (MOU) қол қойылатын болады.

АҚШ-тың ең ірі Пенсильвания штаты университетінде (Penn State University) 100 мыңнан астам студент білім алады. Көптеген жылдар бойы QS World University Rankings 2023 нұсқасы бойынша ТОП-100 университеттің құрамына кіретін ең үздік американдық мемлекеттік университеттердің бірі мәртебесін сақтап келеді.

Пенсильвания штаты университеті Құқық мектебінің бастапқы инвестициялары 668 000 АҚШ долларына бағаланады және Penn State University академиялық қауымдастығында ерекшеленген ҚазҰУ-дың білім алушылары мен түлектеріне арналған.

Кездесу нәтижесінде ҚазҰУ студенттері мен ғалымдары үшін келешегі бар бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі