Жаңалықтар

ҚазҰУ ұжымы театр қойылымына барып қайтты

20.10.2011

19 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен 200-ге жуық куратор-эдвайзерлер мен студенттер Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 65-маусымның ашылу салтанатында «Қозы-Қөрпеш-Баян Сұлу» қойылымын тамашалап қайтты.

Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Талғат Теменов қойылым алдында көрермендерді театр ұжымымен таныстырып, көрсетілімге сәттілік тіледі.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент