Жаңалықтар

KazNU Урбани́я – студенттік фестивалі өтеді

20.10.2011

21 қазан сағ.16-00-де Эконимика және Бизнес Жоғары Мектебінің автотұрағында - KazNU Урбани́я студенттік фестивалі өтеді. Фестиваль ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Іс-шараның ұйымдастырушысы R.I.M. реп клубы мен Алматы жастарының конгресі.


«KazNU Урбани́я» студенттік фестивалі ЖОО-ның қабырғасында алғаш рет ұйымдастырылуда. Бұл жастар бойында жаңа идеялар мен экология-урбанистика мәдениетін қалыптастырудың жаңа формасы болып табылады. Студенттік фестивальдің қамтитын бағыттары флеш-моб, перформанстар, реп батл, битбокс, фристайл және қала мәдениетінің түрлі бағыттары.

Фестивальдің алғашқы бөлімі «Urban» акциясынан басталады. Акция барысында классикалық үлгіде киінген жастар Тимирязев көшесінен бастап ҚазҰУ территориясында велосипедпен жүріп өтеді (жүру бағыты: Ректорат-Тимирязев көшесіндегі аялдама - Тимирязев көшесінен ҚазҰУ қалашығына кіреберіс-Автотұрақ). Велосипедпен келген жастар өз құрдастарын осындай көлік түрін таңдауға шақырып, ҚазҰУ-дың велотұрағына келіп тоқтайды.

Фестивальдің келесі бөлімі экономика және бизнес жоғары мектебінің автотұрағында өтетін ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «ДвадцатНИК» атты реп-фестивальмен жалғасады. Жастар Тәуелсіздікке, отансүйгіштікке арнаған өздерінің шығармашылықтарын ұсынады. Осы орайда арнайы дайындалған көше мәдениетінің барлық түрлері: граффити, брейк-данс, битбокс, фристайл автотұрақта көрсетіледі.