«Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру Ережелеріне» сәйкес университеттің ректоры «2011-2012 оқу жылында әскери дайындықтан өтуі үшін студенттерді іріктеу бойынша университеттегі ұйымдастыру жұмыстары туралы » бұйрық шығарды. Осы бұйрықтың негізінде ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдау жүргізіледі.
Нормативтерді тапсыруға медициналық куәландырудан өткен және Қарулы Күштерде қызмет атқаруға жарамды деп танылған 1-курс студенттері жіберіледі.
Нормативтерді қабылдау комиссия құрамымен спорт және дене шынықтыру кафедрасында төмендегі график бойынша жүргізіледі:
Сейсенбі 10.00-12.00
Бейсенбі 14.00-16.00 уақыт аралығы.
Норматив тапсыруға келген студенттерде өзімен бірге жеке куәлік және әскери кафедраның оқу бөлімінен берілген бағыттама қағазы болуы керек.
Әскери кафедра