Жаңалықтар

22 қарашада ҚазҰУ-да Оразалы Сәбденнің «Экономика» таңдамалы еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтеді

18.11.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ректорат мәжіліс залында (15 қабат, сағат 14.30.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Экономика институтының директоры, экономика ғылымының докторы, академик О.Сәбденнің 21 томдық «Экономика» таңдамалы еңбегінің тұсау кесері өтеді.

Белгілі ғалым-экономист, академик, қоғам қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, БжҒМ Ғылым комитетінің Экономика институтының директоры, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігіне арнайы ғылыми еңбектерін қорытып, 21 том етіп шығарды. Оразалы Сәбден Қазақстан Тәуелсіздік қалыптасуының алғашқы қиын жылдарынан бастап экономиканың маңызды табыстарға жеткен күндерінің нақты қатысушысы болған.

Болашақтағы экономиканың негізін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдерді қолдану, инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілікті көтеру, өндірісті модернизациялау және диверсификациялау бірінші рет таңдамалы еңбек ретінде жарияланған «Экономика» атты көптомдықта өзін толығымен көрсетті.

Бұл басылымның ерекшелігі оған фундаменталды монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинағы, сонымен қатар еліміздің Президентіне, Қазақстан Үкіметіне және Парламентіне жазылған хаттар енген. Сонымен қатар басылымдар қазақ және орыс тілдерінде көрсетілгендіктен ол оның ғылыми және тәжірибелік құндылығын жоғарылай түседі.

21 томдық «Экономика» таңдамалы еңбегі – Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан, әлі де қоса түсетін және де қосатын белгілі ғалым-экономист және өз елінің азаматы ретіндегі автордың позициясын көрсетеді. Көптомдық барлық оқырмандарға әсіресе өскелең жас ұрпақтарға арналған қызықты кітап.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдарымен қатар отандық белгілі ғалым-академиктер А.Кошанов, М.Баймұратов, А.Сатыбалдин, Г.Калиев, Р.Блиев, Б.Ракишев, Э.Туркебаев, ЖОО-ның және ҚР ҒЗИ-дың басшылары, Алматы қаласының ғалымдары қатысады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі