Жаңалықтар

"Golden Mind of KazNU" зияткерлік сайысы өтті

21.11.2011

12-13- қараша күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Golden Mind of KazNU" зияткерлік сайысы болып өтті. әл-Фараби атындағы Студенттер Ғылыми Қоғамы төрайымы- Гүлмарал Махабiл), Зияткерлік Клубының президенті – Алмас Серікұлы және инновация бөлімінің жетекшісі – Данияр Исмаиловтың қолдауымен өткізілген аталмыш шараға 200-ден астам студент қатысты.

Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша "Golden Mind of KazNU" атағын механико-математика факультетінің 2-курс студенті Мақсат Өтемісов иеленді. Екінші орынға химия және химиялық технология факультетінің студенті Асылбек Муханбетқалиев, география және табиғаттану факультетінің студенті Әділжан Болатов және механико-математика факультетінің студенті Ерден Шегір тұрақтап, "Silver Mind of KazNU" атағына қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынды химия және химиялық технология факультетінің студенті Шевелева Юлия мен философия және политология факультетінің студенті Омаров Қадырбай өзара бөлісіп"Bronze Mind of KazNU" атағына қол жеткізді. Жеңіпаздар марапатынан соң "Что? Где? Когда?" және "Интеллектуальдық олимпиада" теле-жобасының ойыншылармен кездесу өткізілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі