25 қарашада Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Комитет жетекшісі Сәуле Ишангалиеваның жүргізуімен өткен жиналыста университет сайтының жұмысын жетілдіру мақсатында жастар тарапынан бірнеше тың бастама мен ұсыныс айтылды.
Сондай-ақ, қысқы сессияның өту барысында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы бөлім бастығы Данияр Сүндетбаев ақпарат таратты.
Кеңейтілген жиналыста сондай-ақ, Мәскеу қаласына жасалған іс-сапар бойынша ҚазҰУ делагациясының есебі тыңдалып, алдағы үлкен іс-шара – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерттің дайындық жұмыстары бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен қызығушылығы бойынша клубтардың жартыжылдық есебі тыңдалды. Жиналыс барысында айтылған ақпарттар мен ұсыныстар студенттік ұйымдар арасындағы ұжымдық рухты нық бекітіп, жаңа бастамаларға жол сілтеді.
Жастар ұйымдары комитеті