25 қараша күні Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Комитет жетекшісі Сәуле Ишангалиеваның жүргізуімен өткен жиналыста университет сайтының жұмысын жетілдіру мақсатында Студенттік баспасөз орталығының алдына бірнеше міндеттер қойылды. Сондай-ақ, қысқы сессияның өту барысында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлім бастығы Данияр Сүндетбаев хабарлады.
Мәскеу қаласына жасалған іс-сапар бойынша ҚазҰУ делагациясының есебі тыңдалып, алдағы үлкен іс-шара – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерттің дайындық жұмыстары бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен қызығушылығы бойынша клубтардың жартыжылдық есебі тыңдалып, жиналыс барысында айтылған ақпараттар мен ұсыныстар студенттік ұйымдар арасындағы ұжымдық рухты нық бекітіп, жаңа бастамаларға жол сілтеді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі