Жаңалықтар

ҚазҰУ 2022 жылдың ең үздік мамандарын марапаттады

13.12.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситетінің үздік қызметкерлерін анықтау, оларды әлеуметтік қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік маман-2022» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы. Биыл 12-мәрте ұйымдастырылып отырған сайыс ҚР Тәуелсіздік күніне арналып отыр.


Кәсіподақ төрағасының орынбасары Ольга Ложникова жиынды құттықтау сөзбен ашып, жеңімпаздарға ерекше құрмет көрсетті. Ол өз сөзінде университетіміздің QS WUR әлемдік рейтингінде 150-орынға көтерілуі, Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесінің берілуі және білім ордасының жаңа жетістіктеріне жетуінде ұжымдағы әр маманның өлшеусіз үлестері бар екенін атап өтті.

Байқау барысында бөлімшелер өз үміткері жайлы және оның жетістіктері туралы бейнеролик ұсынды. Кәсіподақтың Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандар ұнаған кандидаттарына дауыс берді.


Байқауға 16 факультеттің, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету департаментінің, жағдаяттық басқару орталығы, заң бөлімі, Әл-Фараби кітапханасы, академиялық мәселелер жөніндегі, ақпарат және коммуникациялар, өндірістік қамтамасыз ету, және жастармен жұмыс департаменттерінің және қауіпсіздік басқармасының 27 қызметкері қатысты. 


Байқау қатысушыларына университеттегі жұмыс өтілі, кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындау, университеттің қоғамдық өміріне қатысу, кәсіподақ қызметінде белсенділік таныту секілді талаптар қойылды.

Барлық қатысушылар «Парасат» кәсіподағына және ҚазҰУ әкімшілігіне керемет сайыс үшін шын жүректен алғыс айтты. Университеттегі еңбек өтілі 12 жылдан асқан маман Бақыт Құрманбеков байқау бұдан да жақсы жұмыс істеуге, жаңа жетістіктерге ұмтылуға ынталандыратынын атап өтті.

Жеңімпаздар «Парасат» кәсіподағының арнайы дипломдарымен марапатталып, оларға тұрмыстық техника дүкенінен алынған сый-сияпаттар табысталды. Шара соңы жүлдегерлерге арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

«Ең үздік маман-2022» байқауының жеңімпаздары:  

1.Биология және биотехнология факультетінің жетекші маманы Сатылған Индира;

2.География және табиғатты пайдалану факультетінің маманы Қалықова Рысбүбі;

3.Журналистика факультетінің маманы Альмухаметова Махаббат ;  

4. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің маманы Амзеева Баян;

5 Механика-математика факультетінің жетекші маманы Қарабаева Майгүл;

6. Ақпараттық технологиялар факультетінің маманы Жұмахан Лаура;

7. Шығыстану факультетінің жетекші маманы Тажина Айман;

8. Халықаралық қатынастар факультетінің жетекші маманы Исакаева Зульфия;

9.Физика-техникалық факультетінің маманы Шаргынова Анар;

10. Химия және химиялық технология факультетінің жетекші маманы Акимжанова Жанар;

11. Заң факультетінің маманы Набиева Малика;

12. Тарих факультетінің жетекші маманы Баянова Жанар;

13. Филология факультететінің жетекші маманы Сикымбекова Эльмира;

14.Философия және саясаттану факультетінің маманы Маусымбаева Дана;

15. Экономика және бизнес жоғары мектебінің маманы Баржақсы Гаухар;

16. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің маманы Чабаева Кымбат;

17. Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті, АРТ орталығы, «Бахыт» студенттік шоу балетінің жетекшісі, ҚР Мәдениет Қайраткері Есмұханбетова Галя;

18. Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы Блембаев Марлен;

19. Академиялық мәселелер бойынша департамент бас маманы Манеева Эльвира;

20.Әл-фараби кітапханасының менеджері Барлыбаева Галия

21.Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бас маманы Курманбеков Бахыт;

22. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің жетекшісі Балыкбаев Аубакир;

23. Өндірістік мәселелер жөніндегі департаментінің Жетекші инжерері Лебаев Сакен;

24.Өндірістік мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкері Рысмендиева Лязат;

25.Жағдаяттық басқару орталығының бас маманы Қамбарова Мира;

26.Ішкі бақылау қызметінің маманы Мустафин Бакытбай;

27 . Заң және құжаттармен қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Касымханова Гания

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі