Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

18-жел-22

📌 Жансейіт Түймебаев барша қазақстандықтарды 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 
📌 Ректор ҚазҰУ-да өткен Түркия Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Метин Кыратлының көшбасшылық дәрісіне қатысты. 
📌 Жансейіт Қансейітұлы «Туған жерге тағзым» атты өңірлік форумына қатысып, Алматы облысы әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
📌 Жансейіт Түймебаев «QazBioPharm» холдингінің ұйымдастыруымен өткен «Ведомствоаралық ғылыми кластер – ғылымды қажетсінетін өнім жасаудың негізі» атты семинарына қатысып, баяндама жасады. 
📌 Білім ордасының басшысы Ғылыми кеңес отырысын өткізді. Жиын барысында 2022-23 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясының барысы талқыланды.