Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

25-жел-22

  • Ректор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен “Тағзым” мемориалының ашылу рәсіміне қатысты.
  • Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби кітапханасында Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Кейін «Әлемнің этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы» атты I халықаралық ғылыми конгресінде баяндама жасады. 
  • ҚазҰУ ректоры Рединг университетінің Химия, өнімдер және фармация мектебінің профессоры Виталий Хуторянскиймен кездесті. 
  • Жансейіт Қансейітұлы көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Тарихи тұлғалар – ел есінде» атты мәдени шарасына қатысты. 
  • Білім ордасының басшысы Қазақстандағы CNPC Бас директоры Ли Юнхунмен кездесті. Жүздесуде тараптар ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
  • Жансейіт Түймебаев жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубайды мерейлі 75 жасымен құттықтады.