- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ қызметкерлерінің кәсіподағы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
27.12.2022Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы Студенттер сарайында университет қызметкерлерінің балаларына арналған «Еліміздің үздік жаңа жылдық шоуы» атты мерекелік қойылым ұйымдастырып, Жаңа жылмен құттықтады.
Мереке қарсаңында ҚазҰУ қызметкерлерінің 2500 баласына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Биылғы жылы тәттілерге толы қоржындарды Аяз Ата мен басқа да ертегі кейіпкерлері үлестірілді. Алғашқы болып балаларға арналған сыйлықтар философия және саясаттану мен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеттеріне бұйырды. Кәсіподақ комитетінің өкілдерін декан орынбасарлары, кәсіподақ ұйымдастырушылары мен мерекенің басты кейіпкерлері – балалар қарсы алды. Олар Аяз атамен би билеп, жұмбақтар шешіп, өлең оқыды.
Келесі кезекте сыйлықтар халықаралық қатынастар мен шығыстану факультеттерінде табысталды. Онда да балақайлар кәсіподақ өкілдеріне өлең мен биге ұласқан қысқаша концерт ұсынды. Түске қарай Аяз Ата ҚазҰУ-дың қалашығына келіп, сыйлықтарды табыстау рәсімін бас корпус – ректоратта аяқтады. Бірақ балаларға арналған жаңа жылдық тосынсыйлар мұнымен шектелген жоқ.
Кәсіподақ ұйымы мен университет әкімшілігінің қолдауымен жас көрермендер 2022-2023 жылдарға арналған «Жаңа жылдық зомбилер» атты мерекелік бағдарламаны тамашалай алады.
Спектакль сюжетінде Жаңа жыл түні қарсаңында мерекені ұнатпайтын бір тентек бала жер планетасының барлық балаларын сыйлықтардан айырғысы келетін жаңа жылдық зомбилер ұялаған құпия қорапты ашады.
Олардың басты міндеті – балаларды телефондар мен планшеттерге тапжылмастан үңіліп отырғызу, алайда басты кейіпкерлер жаңа жылдық зомбилерге тойтарыс береді. Осы қызықты оқиғаның қалай аяқталатынын білу үшін «Парасат» кәсіподағы 2022 жылдың 28 желтоқсанда сағат 12.00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін университет Мұрат Мұтұрғановтың «Жаңа жылдық зомби» спектакліне шақырады.
ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына кіру тегін.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі