Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында «БанкЦентрКредит» банкінің жаңа сандық форматтағы бөлімшесі ашылды.
«Бізде университет қызметкерлері мен студенттері ыңғайлы әрі заманауи банк технологиясы қызметтерін ала алады. Тұтынушыларға жылдам әрі қолайлы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар түрлі ұтыстарға қатысып, сыйлықтар ұтуға болады», – дейді бөлімше директоры Меруерт Аманжанова.
Сондай-ақ бөлімшеде 30 пайыз кэшбэкпен #картакарта ашу, ипотека, кепілді немесе кепілсіз кредит рәсімдеу, түрлі сұрақтар бойынша ақпарат беру және өзге де қызметтер көрсетіледі. Келушілер үшін PlayStation компьютерлік ойын ойнау мүмкіндігі де қарастырылған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі