Жаңалықтар

Радикализмнің алдын алуға негізделген Халықаралық қысқы мектеп өтеді

18-қаң-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті Түркия Дін істері басқармасымен (Diyanet) және Turkiye Diyanet Vakfı қорымен (TDV) бірлесіп, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен 2023 жылдың 23-25 қаңтарында «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» атты Халықаралық қысқы мектебін өткізеді.

Халықаралық Қысқы мектеп тиісті мемлекеттік органдардың, ғылыми институттардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, өңірдегі діни радикализмнің алдын алудың неғұрлым өзекті мәселелері бойынша Қазақстан мен Түркияның жетекші сарапшылары арасында тәжірибе алмасу және осы процеске қарсы тұруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу үшін ашық пікірталас алаңы ретінде жұмыс жасауды көздеп отыр.

Қысқы мектептің спикерлері мен модераторлары көрнекті қазақстандық және түрік ғалымдары мен сарапшылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, Таяу Шығыс зерттеулері орталығының қауіпсіздік саласындағы зерттеулер бөлімінің директоры Гектуг Сонмез (Түркия); «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Құрманбаев Қайрат (Қазақстан); Түркия Ұлттық полициясы Қауіпсіздік туралы ғылымдар институтының докторы Хақан Қайыжы (Түркия); ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері Сатершинов Бақытжан (Қазақстан); PhD Осман Түрк (Түркия), Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Л.Ф. Деловарова, Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Метин Йылмаз және т.б.

Қысқы мектептің жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, дін зерттеу орталықтарының өкілдерін, мектептердің, жоғары оқу орындарының оқытушыларын және т. б. қатысуға шақырамыз.

 

Өтетін күні мен уақыты: 2023 жыл 23-25 қаңтар, сағ. 10:00-14:00.

Өту форматы: офлайн

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 4 қабат, №409 конференц-залы, мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27.

 

Тыңдаушылар саны шектеулі. Халықаралық қысқы мектеп жұмысына қатысуыңызды 2023 жылдың 18 қаңтарына дейін қосымшаға сәйкес karybaeva.ainur@gmail.com электронды поштаға қатысу нысанын (формасын) жіберу арқылы растауыңызды сұраймыз.

 

Қосымша

Өтінім нысаны (формасы)

 

 

Қатысушының

аты-жөні 

Жұмыс орны 

Лауазымы 

Эл.пошта 

Байланыс номері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыс ақпараты:

Карыбаева Айнур, 87089730953