Жаңалықтар

«Farabi Business School» түлектеріне диплом табысталды

30.01.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Farabi Business School» түлектеріне MBA дәрежесіндегі дипломдар салтанатты түрде табысталды.

«Al-Farabi business school» бизнес-білім беру бағдарламасы басқару және бизнес-консалтинг саласындағы қазақстандық және әлемдік тәжірибенің интеграциясын көрсетеді. Қазіргі заманғы сапалы білім – бұл кәсіби сараптама, мықты оқытушылар мен цифрлық технологиялар ғана емес, сонымен қатар оқыту бағдарламаларын әзірлеудің өзекті тәсілдері.

Айта кету керек, «Farabi Business School»-ға деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Корпоративтік бағдарламалар есебінен “B to C” және “B to B” тыңдаушылары санының өсуі – осының көрсеткіші. Сондықтан 2021-2022 жылдар аралығында білім алушылардың үлесі 110-нан 250-ге дейін өсті. Іскерлік-мектептің ірі корпоративтік серіктестері: KEGOC, ВТБ Банкі, Huawei, Halyk Bank мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері.

Өз сөзінде «Farabi Business School» директоры Сарыев Жарасхан Дүсенұлы 2021-2022 жылдар аралығында тыңдаушылар саны 2 есе артқанын атап өтті. Іскерлік-мектеп ұжымы 5 ірі іс-шара ұйымдастырды. Оған кәсіпкерлерден бастап жас стартаперлерге дейін әртүрлі аудитория санатына кіретін 10 мыңға жуық адам қатысты.

Экс білім вице-министрі, ҚР экономика ғылымдарының докторы, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жақыпова Фатима Надырқызы бітірушілерге қоштасу тілегін білдірді. Біздің Alma mater-дің мәртебесін көтере отырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі атағына ие болу корпоративтік әлемге есік ашып қана қоймай, сапалы орта беретінін атап өтті.

Фатима Надырқызы біздің магистранттарға мемлекеттік үлгідегі дипломдарды, сондай-ақ іскерлік-мектебінің бірегей дизайны бар атаулы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Сонымен қатар бизнес-оқытушылар түлектерді назардан тыс қалдырмай іскерлік-әкімшілік магистрлерімізді құттықтап, оларға барлық бастамаларында табыс және отбасылық амандық тіледі.

Түлектердің көпшілігі DBA бағдарламасында оқуды жалғастыруға қызығушылық танытқаны іскерлік-мектеп ұжымына жаңа бір серпін әкелмек.