Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы игі істі қолдай отырып, бауырлас Түркия Республикасында жер сілкінісі кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударды.
Барша ҚазҰУ ұжымы жақындары табиғи апат салдарынан қаза тапқан отбасылардың қайғысына ортақтасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі