Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына барып, көңіл айтты.
Бас консул Али Рыза Ақынжымен кездесу барысында ҚазҰУ басшысы: «Түркиядан алыста болсақ та, жүрегіміз бірге! Жақындары қайтыс болған отбасылардың қайғысына ортақпын! Бауырларымыздың қалыпты өмірге тезірек оралуына тілектеспін!» – деді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі