Бүгін – Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл атаулы күннің негізгі мақсаты – әйелдер қауымының ғылымға толық қол жеткізуіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қолдау көрсету.
Бүгінде Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі 50 пайыздан асады.
Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымында әйелдер қауымы оқытушы-профессорлық құрамының 64 пайызын құрайды.
Жоғары оқу орнында нәзікжанды ғалымдардың сүйікті ісімен айналысуына барлық қолайлы жағдай жасалған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Қазақстан, әділетті қоғам орнатып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ең алдымен ғылым саласын дамыту қажеттігіне айрықша басымдық беріп келеді.
Отбасы мен ғылымдағы ізденістерін қатар алып жүретін әйел ғалымдар осы мүмкіндіктерді пайдаланып, зор табысқа жетеріне сенемін.
Бүгінгі айтулы күні көшбасшы университетіміздің ғалым ханымдарына мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке, жақындарына амандық тілеймін!
Құрметпен
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ