Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері!
Түркияда зардап шеккен азаматтарға ерікті түрде гуманитарлық көмек беру үшін арнайы пункт ашылғанын хабарлаймыз.
Жәрдем қабылдау орыны Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығы, 1-қабатта (Технопарк) орналасқан.
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Памперстер, жеке гигиена құралдары.
- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
Байланыс телефоны:
8775 727 2197 – Ерлан Айтуаров, Жастармен жұмыс департаменті директорының орынбасары
8701 397 34 04 – Еңлік Ақжігіт, Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бас маманы, журналист
8775 265 89 62 – Қанат Тілес, ұйымдастырушылық және хаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жетекші маманы