Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетуде.
Табиғи апат орын алған сәтте оқу орнының оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды.
Білім ордасында Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрайды.
Бұған қоса, көшбасшы университет арнайы гуманитарлық көмек беру орталығын ашты.
Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен 20 киіз үй, көрпе-жастық, қалың төсеніштер және ересектер мен балалар киімдері жиналды.
Жөнелтілетін жүк арнайы рейспен жіберіледі. Біз біргеміз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Баспасөз қызметі