Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде

16-ақп-23

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде. Кітапхана қорын толықтырып, жастардың рухани танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға келушілер ғылыми еңбек, оқу құралы, көркем әдебиет, қолжазба және басқа да құнды басылымдарды сыйға тарта алады.

«Бүгін мен Көкшетау университеті ғалымдарымен бірлесе шығарған «XXI ғасырдағы Қазақстан: Germanica тұлғалар келбетінде» атты кітабымды, Меңдіғаным Жамалбекқызы жазған «Қазақстандағы этностар туралы», «Қазақстан тарихы» атты оқу құралдары мен басқа да әдебиеттерді сыйға тарттым. Аталған оқулықтар өз оқырманын табады деп сенемін», – деді профессор Нұрсұлу Шаймерденова.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі