- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ-да медициналық туризм саласындағы МВА, ЕМВА, DBA жаңа бірегей бағдарламасы әзірленді
17.02.2023ҚазҰУ мен «Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы» арасында медициналық туризм саласындағы МВА, ЕМВА, DBA бағдарламалары бойынша қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне «Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының» президенті К.Кривец және «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің деканы Ж. Қалматаева, кафедра меңгерушісі С. А. Мамырбекова және Al-Farabi business school командасы қатысты.
Меморандум Қазақстанда медициналық туризмді насихаттауға тартылған қызметкерлерге денсаулық сақтау саласы мен туристік саланың нақты қажеттіліктеріне бейімделген халықаралық ынтымақтастық және медициналық туризм департаменттерін жүргізу және басқару саласындағы жетекші сарапшылардан, бизнес-жаттықтырушылардан және практиктерден кәсіби, ғылыми негізделген және тәжірибеге бағдарланған білім алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының "туристік саланы дамыту № 360" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019-2025 жылдарға туризмнің негізгі басым бағыттары анықталған болатын. Соның ішінде медициналық туризм бағыты ерекше назар аударылып отыр. Қазақстан медицинасы технологиялық жағынан да, мамандардың кәсіби құзыреттілігі мәселелерінен де әлемдік тәжірибеден қалыс қалмайды. Айта кету керек, елімізде 20 курорттық аймақ жұмыс істейді. Олардың негізгі бөлігі толық зерттелген табиғи емдік факторларға ие бальнеологиялық, балшықпен емдеу, климаттық курорттар болып саналады.
Медициналық туризмді дамыту мақсатында жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Медицина және денсаулық сақтау» факультеті Al-Farabi business school-мен бірлесіп медициналық туризм саласындағы МВА, ЕМВА, DBA жаңа бірегей бағдарламасын әзірледі. Бизнес мектептің корпорациялармен және квазимемлекеттік компаниялармен жұмыс істеу тәжірибесін мол. Сондықтан жаңа бағдарламаны жүргізу барысында клиентке ыңғайлы және ұдайы жетілдіру қағидаттарын ұстана отырып, осы саланы басқаруда білім беру процесіне озық құралдарды енгізілді.