Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

19-ақп-23

  • Жансейіт Түймебаев Дубайда өткен 8-ші SUN (Silk Road Universities Network) Директорлар кеңесінің отырысына қатысты.
  • ҚазҰУ басшысы халықаралық форум аясында Самарқанд мемлекеттік әлем тілдері институтының ректоры Илхомжон Тухтасиновпен екі жетекші университет арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.
  • Сондай-ақ Жансейіт Түймебаев Моңғолия Ғылым академиясының Тілдер және әдебиет институтының ректорымен бірге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • ҚазҰУ басшысы Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету мақсатында университет ұжымы бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ ректордың тапсырмасымен гуманитарлық көмек беру орталығы ашылып,қажетті заттар жиналуда.
  • Оқу ордасының ректоры Total Eren компаниясының бас директоры Тьерри Плезанмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар серіктестік орнату және бірқатар ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.