Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

26-ақп-23

  • Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев атындағы аудиторияның ашылу рәсіміне қатысып, баяндама жасады.
  • ҚазҰУ ректоры «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Санат Ахановпен кездесті.
  • Оқу ордасының басшысы Ғылыми кеңестің кезекті отырысын өткізді.
  • Жансейіт Қансейітұлы Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың көшбасшылық дәрісіне қатысты.
  • Жансейіт Түймебаев Гонконг политехникалық университетінің қолданбалы әлеуметтік ғылым департаменті Қытай және жаһандық даму желісінің директоры Бенжамин Ку бастаған делегацияны қабылдады.
  • Ректор Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу лабораториялары жетістіктерін таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турына өткізіп,журналисттердің сауалдарына жауап берді.