Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

5-нау-23

  • Жансейіт Түймебаев Мәскеуде өткен Еуразиялық университеттер қауымдастығының ⅩⅤ съезіне қатысты.
  • ҚазҰУ басшысы Мәскеуге ресми сапары аясында Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Олег Ястребовпен кездесіп, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.
  • Сонымен қатар Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен жүздесті.
  • Жансейіт Қансейітұлы барша қазақстандықтарды 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады.
  • Ректор ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, профессор Әбдуәли Қайдардың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы рәсіміне қатысып, баяндама жасады.
  • Оқу ордасының ректоры «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин және ҚР Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегациямен кездесті.