Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

12-нау-23

  • Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында Мемлекет басшысына университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары баяндалды.
  • ҚазҰУ басшысы 8 Наурыз –  Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жаңа Қазақстан және жасампаз әйелдер» атты форумына қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы барша нәзік жандарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 
  • Ректор “Әл-Фараби” кітапханасында өткен ғылым және жоғары білім саласындағы әйелдердің республикалық конференциясына қатысып, баяндама жасады. 
  • ҚазҰУ басшысы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы сыртқы істер кеңсесінің басшысы Сюй Гуйсян бастаған делегацияны    қабылдады. Жүздесуде тараптар ынымақтастықты одан әрі дамыту бойынша мәселелерді талқылап, бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. 
  • Сондай-ақ Румынияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Мэдэлина Лупумен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстарды талқылады.