Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы сайлау учаскелері ашылысымен, студенттер белсенді дауыс беруге келе бастады.
Университет студенттері өзіндік азаматтық ұстанымымен, қоғамдағы саяси процестерге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан студенттер арасында еріктілік, өз ойларын ашық түрде білдіру еркіндігі, қағидаты үнемі сақталады.
№ 568, 258 және 259 үш сайлау учаскесінде дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 4093 құрайды, оның ішінде 841 - жақын орналасқан үйлердің тұрғындары және 3252 - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері. Оның ішінде: № 568 учаске - барлығы 810, № 258 – 1010 және № 259 учаскеде - 2272 сайлаушы тіркелген. Университетте дауыс беру штаттық режимде, ешбір заң бұзушылықсыз өтуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі